ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ ЖАПЫРАҚ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жасыл жапырақ» акциясын ұйымдастырды. Қолдарына шелек пен сүлгі алған оқушылар барлығы бірге мектептегі гүлдерді шаң-тозаңнан тазалап, өсімдіктерге жаңа өмір сыйлады.
Шефлера, калатея, фикус, герань, камелия және антуриум – бұл мектепте орналасқан жасыл өсімдіктердің тек бір бөлігі ғана. Балаларды релаксацияға арналған ботаникалық бақтың өзінде декративті өсімдіктер мен гүлдердің 15 түрі бар. Әрине әрқайсысы ерекше күтімді қажет етеді. Осы ретте «Шаңырақ» қауымдастықтары алғаш рет экоакция ұйымдастырып, мектептің бас гүл өсірушісіне жасыл өсімдіктерді тазалауға көмектесті.
«Гүлдер адамдар сияқты ерекше күтімді қажет етеді. Күнделікті суарумен қатар, өсімдіктер суға "шомылғанды"да ұнатады. Қолымызға жасыл шелек пен жасыл шүберектер алып біз бүгін барлық гүлдерді «жуып» шықтық», - деп түсіндірді мектептің бір белсендісі Аяз Ықтияров.
Өздеріңізге белгілі, декоративті өсімдіктер бөлменің сәнін аша түсетінімен қатар, микроклиматқа оң әсерін тигізеді. Акция барысында үлкен сыныптардың оқушылары артынан еріп өсіп келе жатқан балаларға «пайдалы» бөлме өсімдіктері туралы айтып, гүл этикеті мен түстер жайында сипаттап берді.
«Гүлдер – өттектің негізгі көзі сияқты. Өсімдіктер неғұрлым көп болған кезде, сол аймақтың ауасы да таза болады. Гүлдер көңіл-күйімізді жақсартып, иммунитетімізді арттырады. Барлықтарыңызды табиғатты аялауға шақырамын», - дейді 7 «Е» сыныбының оқушысы Бақдаулет Мамаев.
Айта кетейік, акцияға барлығы 700-ге жуық оқушы қатысып, мыңға жуық өсімдік «жуылды». Алдағы уақытта да мұндай іс шаралар өз жалғасын тауып, дәстүрлі түрде өткізілетін болады.