Байқоңырдан ғарышқа тұңғыш рет робот ұшырылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Союз МС-14" ғарыш кемесі және "Федор" роботын ғарышқа жеткізетін "Союз-2.1а" зымыран тасығышы таяуда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.
Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Twitter парақшасында хабарлады.
"Байқоңырда "Союз-2.1.а" зымыран тасығышын ұшыру кешеніне тасымалдау аяқталды", - деп жазды ол.
Дмитрий Рогозин атап өткендей, бұл алаңқайдан 395 зымыран ұшырылған. 22 тамызда "Союз МС" зымыраны "Союз-2.1.а" тасығышымен ғарышқа аттанады.
"Федор" атты адамға ұқсайтын робот ғарышкерлердің басшылығымен орбитада бірқатар тәжірибе жасайды.
Бұған дейін бұл ғарыш кемесімен "Прогресс" жүк кемесі ғана ұшырылған болатын, дейді корпорация басшысы.