Үндістандық жігіттің жүрегін салғызған қазақстандық қыз туралы не білеміз? (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Көкшетауда 14 жастағы Дильназға жол апатынан қайтыс болған үнді баланың жүрегі ауыстырылып салынған. Дильназдың бүгінде екі анасы бар. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлады.
Дәрігерлер қыздың ата-анасына қорқынышты диагнозды кеңейтілген кардиомиопатия туралы хабарлаған кезде Дильназ Исанова үш жаста болыпты. Бұл ауру миокардтың жұмысын бұзады және адамды жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Ата-аналар Анар мен Төлеген Исанов баланың өмірі үшін күресуге бел буып, Мәскеуге аттанады. Оларға мәскеулік дәрігерлер аталған аурудан құтылудың бір ғана жолы - жүрекке трансплантация жасау туралы айтады. Мұны естіген Исановтар ота жасауға 2008 жылдан бастап квота жинайды.
Осылайша оларға жеті жыл күтуге тура келеді. 2015 жылдың жазында 10 жасар Дильназ көптен күткен квотаны алып, Үндістанға аттанады.
Үнді жігіті Адит әкесі Паулсонмен бірге қатты апатқа ұшыраған екен. Олардың көлігі мектеп автобусымен соқтығысқан. Бала ауыр жарақаттар алады. Дәрігерлер Адиттің миының өлгенін айтады.
Ұлының ағзаларын трансплантациялау үшін басқа науқастарға беру туралы шешімнің ауырлығы анасы Шинсидің мойнына түседі. Баланың әкесі апаттан кейін жансақтау бөлімінде болады. Шинсидің бұл шешімін бүкіл үнді отбасы, әсіресе, баланың әжесі қолдайды. Олар баланың өлімі бекер болмауы керек, бірнеше адамның өмірін құтқаруы қажет деп шешеді.
2015 жылдың 18 тамызында трансплантолог Комаракша Балакришнаның бақылауымен Дильназға ота жасалады.
Доктор Балакришнан - балалар мен ересектерге 25 мыңнан астам операция жасаған әйгілі кардиохирург. Үндістанда жүрек пен өкпе трансплантациясының негізін қалаушы. Дильназдың отасы Балакришнанның денсаулық сақтау министрлігімен және ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жетекшісі Юрий Пямен бірлескен жұмысының көмегімен жүзеге асады.
Осы оқиғадан кейін Адиттың анасы қатты күйзеліске түсіп, үйден шықпайтын ауруға душар болады.
Ол төрт жылдан соң Дильназбен кездескенде кенеттен жылап жіберіп, күні бойы қыздың қолын ұстап, құшақтап, жібермепті. Баласының жүрегі Дильназдың кеудесінде соғып тұрғанын естіген ол ұзақ күйзелістен кейін алғаш рет өзін бақытты сезінгенін айтады.
«Мен Адиттің анасына осындай қадамы үшін өте ризамын. Оның ізгілігі қызыма өмір сүруге екінші мүмкіндік берді», - деді Дильназдің анасы Анар.