ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ТЖБ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ
Үстіміздегі жылдың 4 ақпанында «Самара-Шымкент» автожолының 1502 шақырымында «ДАФ-АЕ45LF» маркалы жүк көлігінің бұзылуы себепті Қырғызстан Республикасының азаматтары жолда қалып қойған. Оқиға орнында жолаушылар «112» жедел көмек көрсету нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрайды.
Оқиға орнынан Қазалы ауданы ТЖБ қызметкері Қалиев Алтынбек дер кезінде табылып, жолда қалған азаматтарды тамақ, жатын орынмен қамтамасыз еткен.
Осы орайда Қырғызстан Республикасы, Баткен облысы, Қадамхан ауданының тұрғындары көмек көрсеткені үшін Алтынбек Қалиевке Қызылорда облыстық ТЖД арқылы алғыстарын білдірді, делінген департаменттің хабарламасында.