Мұғалімдердің жалақысы екі есеге нақты қашан өсетіні белгілі болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің жалақысы келесі жылдан бастап көбейеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Жалақыны көтеру үшін заң қабылдау қажет. Заң осы жылдың ішінде қабылданады деп үміттенеміз. Премьер-Министрдің орынбасары бұл жайында айтты да. Сондықтан көпшілігі заңның қабылдануына байланысты болады. Дегенмен біз негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз»,- деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін айтқан болатын.
Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданатындығын атап өткен.
Комментарии 1