Қызылорда облыстық Мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Егембердиев Марат Темірбекұлы Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
М. Егембердиев 1977 жылы туған. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Медетші қоры» мекемесінің экономисті ретінде бастаған.
2003-2015 жылдары салық органдарында жауапты қызметтер атқарған.
2015 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.