МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ
Биология және география кафедрасының оқытушылары О.Т.Айдаров пен Г.О.Байзулдаева кәсіби бағдар беру мақсатында Қызылорда қаласындағы Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектептің бітіруші түлектерімен кездесті.
Мектеп түлектері «Кім болдым және кім болам» атты кеш өткізіп, мамандық таңдауға байланысты ойларымен бөлісіп, көптеген мағлұматтар алды. Кездесу барысында оқытушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, материалдық-техникалық базасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, кітапхана қоры, спорт залдары және студенттермен өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар жөнінде оқушыларға жан-жақты мәлімет берді.
Биология, география мамандықтары бойынша білім алған жастарға жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әкімшілік мекемелерде ғылыми қызметкер, білім мекемелерінде педагог-әдіскер, жобалау, ғылыми-зерттеу институттарында, табиғатты қорғау органдары мен табиғатты пайдалану басқармасында, туристік фирмаларда, арнайы мамандырылған мекемелерде әлеуметтік қызметкер және т.б. лауазым иелері атана алатындығы туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ, кездесуде бітіруші түлектерге университеттегі білім беру мамандықтары жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.