ЕҢ МЫҚТЫ СПОРТШЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Әскери-жұмылдыру дайындығы және арнайы жұмыстар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Жандәулет Өндірей 1998 жылдан бері өртке қарсы қызметте жұмыс жасап келеді. Ол Қызылорда облысы, Қазалы қаласында зиялы отбасында дүниеге келді. Әкесі бұрғылаушы, ал анасы дәрігер болып жұмыс жасады. Жандәулеттен басқа отбасында тағы да үш апасы және ағасы өсіп келе жатты. 1995 жылы мектепті бітіргеннен кейін ол авиациялық әскерге қызмет етуге кетті.
Жандаулеттің еңбек қызметі 1998 жылы Қазалы ауданынның №2 өрт сөндіру бөлімінде басталды. 5 жыл өрт сөндіруші болып жұмыс жасап, ол 2003 жылы қарауыл бастығы болып тағайындалды, содан кейін ол өрт бөлімінің басшысына дейін көтерілді.
Жандәулеттің спорттық жетістіктеріне, оның отбасында бала күннен бастап спортпен щұғылдануы әсер етті. «Мен мектепте оқып жүрген кезімде-ақ, каратэ, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол жарыстарына қатыстым. 2007 жылы Қызылорда облысының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалғанда да, спортпен шұғылдануды жалғастыра бердім, бірақ ешқашан ауыр атлетика жайлы ойламаппын. Тек 2009 жылы аймақ аралық жарыстарда ғана бұл спорт түрінде өзімді көрсету ойыма келді» – деді Өндірей Жандәулет.

Адам өмірінде мықты күш-жігер маңызға ие, ал жастық шақта қалыптасқан мінез бен алынған тәжірибе оны шыңдай түсті. Өзінің жасына қарамай, Жандәулет ғаламтор арқылы мәлімет жинап, ресейлік спортшылармен кеңесе отырып, күнделікті жаттығуларға кірісті. 2014 жылдың шілде айында Жандәулет Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында кір тасын көтеру спортына қатысады «Мен мүлдем Қазақстанның спорт шебері атанамын деп те ойламаппын. Спорт шеберлерінің кандидаттық көрсеткіштерін орындадым да кетіп қалдым. Міне, енді бұйрықтан өзімнің тегімді көрдім. Тізім бойынша төмен түссем, міне менің ұлымның да тегі жазылуы тұр екен» деді Жандәулет. Біз Жандәулетпен сұхбаттасқанда оның көздері жарқырап, жүзі бал-бұл жанды.
Әйтсе де, бұл сезім баласына деген мақтаныштан туған еді. Жандәулеттің ұлының аты – Нұрсұлтан, ол 11 жаста, әкесінен қалмай Қазақстан Республикасының Чемпионатының ауыр атлетика спортына қатысты. Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2014 жылдың 25 қарашасындағы №767 бұйрығымен, әке мен бала ауыр атлетикадан спорт шеберлігіне кандидаты атанды.
Егер де «Өндірей Жандәулет кім? деп сұрасаңыз, әріптестері бір ғана жауап қайтарады: «Ең мықты спортшы», деп. Барлық аумақтық, облыстық, қалалық жарыстарды ұйымдастыру жұмысы Өндірей Жандәулетке тиесілі. Дәл қазір ол Қызылорда облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ командасын кір тасын көтеру спортына қатысу үшін дайындап жатыр. Пазлиев Ермекбек, Рахметов Руслан, Әлжанов Бағдат жеңіске ниетті. Жандәулет бастаған команда жарыста жақсы нәтижелер әкелетініне күмән жоқ.
Жандәулеттің жұбайымен әңгімеде ол тек қана жауапкершілікті әріптес, отағасы ғана емес сондай ақ, қыздарына жанашыр әке және өзінің ұлына жақын дос. Ұлымен осындай өзара қарым-қатынас үлкен жетістік әкелді. Өндірей отбасы қол жеткізген табыспен тоқтамайды. Спорт шеберін алуды жоспарлап отыр. Иә, Өндірей Жандәулеттің басты тілегінің бірі - балаларына сапалы білім беру, спортқа жақын етіп тәрбиелеу.
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ