Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын", - деп тапсырды Президент.
Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.