«Жомарт жүрек» жобасының қалалық кезеңі өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада республикалық "Жомарт жүрек" жобасы салтанатты марапаттау рәсімінің қалалық кезеңі өтті.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-08/1565936127_16gorodzhomart1.jpg)
Қызылорда қаласы бойынша жеңімпаздардың есімін назарларыңызға ұсынамыз.
1. «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясымен қаламыздың белсенді жас еріктісі, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы;
2. «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясымен «Астана сервис ЛТД» ЖШС директоры Әбдіхалықов Муса Жақыпұлы;
3. «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясымен «Интегрострой» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы;
4. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қоры;
5. «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен «Қанат» шаруа қожалығының төрағасы Ізбасқанов Қайрат Маханбетиярұлы марапатталды.
Айта кету керек, аталған жоба биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 7 аудан мен қаладан жоғарыдағы номинацияға лайық деп танылған азаматтар облыстық кезеңге қатысып, жеңімпаздар Республикалық "Жомарт жүрек" байқауына жолдама алады.