Қызылордада жұмыссыз тұрғындар мен жастарға кеңестер берілді (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жұмыссыз тұрғындарға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Қала орталығында орналасқан базарлар, ірі сауда орындарында қазіргі таңда жастар арасында өзекті деп танылған мәселелер бойынша «Атамекен» облыстық кәсіпкерлік палатасы мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының арнайы сала мамандарының қатыстуымен өткен шарада жұмыссыз тұрғындар мен жастарға мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңестер беріліп, түрлі пайдалы жадынамалар таратылған.