Қызылордада бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлықтарын жасаған 20-жастағы күдіктіні құрықтады.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 17 шілдесінде күдікті азамат компьютер клубтарының бірінде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу барысында күдіктінің қалада жасалған осы тектес басқа да бес қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Барлық деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.