Қызылордада қару алып жүрген күдікті ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 12 тамызда полицияға облыс орталығы Журба көшесінің бойында белгісіз азаматтың қару алып жүргендігі жөнінде хабарлама түседі.
Хабарламаға сәйкес жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны, 38 жастағы азамат ұсталып, тексеру барысында одан шолақ мылтық тәркіленген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
– Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен оған бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін, – делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.