СОТ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
Жуырда Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік» күні өтті.
Кең көлемде қолға алынған іс-шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дәуренбеков, «Тодини» АҚ-ның заңгері Б.Ким қатысты.
«Ашық есік» күніне азаматтық іс бойынша талапкер өкілі қатысып өзінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков «Ашық есік күні» барысында қойылған келушінің сауалдарына жауап берді.
Сот жүйесіндегі жаңалықтарды халыққа жеткізіп отыру, жиі жүздесіп, пікір алмасып, халықтың сот жүйесіне деген ой-пікірі мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты болып саналады. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі