Жабылған "банкі" атылмасын десеңіз мынаны ескеру керек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Кез келген салат бетіне тазартылған өсімдік майын 1 ас қасықтан құйып жапса, дәмі керемет, сақталу мерзімі ұзақ болады, деп жазады Ernur.kz.
Қазір "салат жабу" науқанының нағыз қайнаған шағы. Барлық көкөністің пісіп, бағасы арзандаған, әрі көмекші болатын балалардың демалыс уақытын ұтымды пайдаланып, қыста азық болар көкөністің түр түрін жауып тастауға тырысып жатамыз.
Үйде, қолдан жапқан салаттардың дәмі ерекше әрі сапасы да жақсы болады. Дегенмен кейде биылғыдай күннің ыстығы немесе өнімнің сапасы тағы басқа жағдайлар әсерінен бе, жасаған еңбек рәсуа болып, атылып көңіл-күйімізді бұзып жататыны бар. Әрине, мұның барлығы қаншама еңбек, уақыт әрі шығын. Ендеше банкі жапқанда ескеретін, қажет болатын төмендегідей кеңестерді ұсынамыз:
•Бірінші кезекте банкілерді және темір қақпақтарды ас содасымен өңдеу керек. Ол үшін 1 шай қасық ас содасын 1 литр суға араластырып, банкілерді және қақпақты жуу керек.
•Ас содасы ерітіндісімен тек банкілердің ішін ғана емес сыртын да жуу қажет. Ас содасын 1литр суға 10 тамшы 3% - сутек асқын тотығымен (перекис водорода) алмастыруға болады.
•Мұнан кейін банкілерді салқын сумен жақсылап шайып, булап, залалсыздандыру керек. Булауды кемі 5-7 минут жасау кқажет. Банкілерді буламай жай ыстық сумен шая салуға болмайды.
•Егер банкіге ет немесе күріштен жасалған, картоп қосылған өнімді жабатын болсаңыз, онда залалсызданған банкілерді кептіру керек. Сүртудің қажеті жоқ, өзі құрғағаны дұрыс. Ешуақытта су болып тұрған ыдысқа зат салмаңыз, су түрлі микроорганизмдерді өршітеді.
•Темір қақпақты ыстық суға салып 3-4 минут қайнатады.
•Салат түрлерін, компот, тосаптарды жапқанда ауа қалмас үшін банкінің ернеуіне дейін толтыра құю керек және қақпақты бірден бұрап жауып тастаған дұрыс.
•Тұздағанда немесе маринад жапқанда аса толтырудың қажеті жоқ.
•Кез келген салат бетіне тазаланған өсімдік майын 1 ас қасықтан құйып жапса, дәмі керемет, сақталу мерзімі ұзақ болады.
•Жеміс-жидектерді сатып алып, жабуға уақыт тапшы болып қалса, онда олар тез бүлініп кетпес үшін, 1 стақан сірке суына 3 стақан су араластырып, жуып алу керек. Артынан таза сумен екі қайтара шайып, кептіріп алу керек.
•Маринадтаған қызанақтар атылып кетпес үшін тұз, қант және қарабұрыштан басқа артық затты салудың қажеті жоқ. Дәмін шамалы жақсарту үшін шие немесе емен жапырағын салуға болады.
•Қияр жақсы маринадталу үшін, банкіге салар алдында 4-5 саған салқын суда ұстау қажет.
Керек кеңестер қажеттеріңізге жарасын!