Еліміздегі пойыз билеттерін сататын сайт неге жабылған?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, epay.railways.kz сайты bilet.railways.kz сайтының жұмысын қайталағаны үшін жабылды.

Компанияның баспасөз қызметі 1-ші тамыздан бастап 45 күн ішінде қолданушылар epay.railways.kz сайты арқылы бұған дейін сатып алған билеттерін кері өткізе алатынын мәлімдеді.