Алдағы 3 күнде күн суытады
Елімізде алдағы үш күнде температура төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Сонымен бірге, желдің күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы алдағы күндері салқындығын сақтайды.
Алайда, республиканың батысына Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды.