Біз тұтынып жүрген бал пайдалы емес, аса қауіпті болып шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Біз тұтынып жүрген бал өнімі аса қауіпті болып шықты. Оны күніне екі қасықтан артық пайдаланбау керек екен. Сондай-ақ, дәрігерлер бал мен ішімдікті қатар пайдалану, балдан жасалған ішімдік ішу бауыр циррозына әкеп соғуы ықтимал екенін айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігігі хабарлаған.
"Балдың зияны тимеу үшін екі-ақ қасық жеу керек. Түске дейін жеп, күні бойы белсенді қимылдаған жөн", - деді Сеченов университетінің емханалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверов.
Ол балдың құрамында жасушалардың қышқылдануына жол бермейтін антиоксиданттар, дәрумендер мен адамға қуат беретін фруктоза бар екенін жеткізді.
Диетолог дәрігер, терапевт Елена Тихомированың сөзінше, балдың пайдасы тию үшін көп мөлшерде жеу керек, бірақ құрамында көмірсу көп болғандықтан уақытымен жеген дұрыс. Зерттеушілер ұяшықтардағы балдың сапасы жоғары әрі табиғи болатынын атап өтті.
Елена Тихомирова суық тигенде адам бал қосып шәй ішкеннен жазылмайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, ыстық шайда еріген бал пайдалы қасиеттерінен айырылады.
"Бұл жай ғана адамның көңілін көтеру мақсатында қалыптасқан ұғым. Суық тиіп, ауырып жатқанда, адамға кішкене болса да "жадырасын деп" бал беретін болған", - деп түсіндірді дәрігер.
Маманның сөзінше, семіздікке шалдыққан, сондай-ақ гүлге немесе ара уына аллегриясы бар адамдарға бал жеуге болмайды.
Профессор Буеверов ішімдік пен балды бірге пайдалану адам денсаулығына өте қауіпті екенін ескертті.
Сондай-ақ, балдан жасалған ішімдікті көп ішу бауырдағы қабыну процестерін туғызып, циррозға әкеп соғуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.