Қызылордалық 151 түлек грант иегері атанды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл мемлекеттік гранттан өзге, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға берілетін 5 мың грант бөлінді. Оның 390-ы Қызылорда облысына бағытталған.
Бүгін Қызылорда облысында білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, грант иегерлері белгілі болды.
Гранттарды тағайындау процесі ашық, яғни БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өткізілді.
Конкурстық комиссия жұмысына 167 түлектен өтініш келіп түскен. Жоғары оқу орнына түсу үшін құжат тапсырған түлектердің басым бөлігі педагогикалық мамандықтарды таңдаған. Аталған грант иегерлері Қазақстандағы 5 жоғары оқу орындарына оқуға түсе алады.
Комиссия мүшелері атаулы әлеуметтік көмек және көпбалалы отбасылардан шыққан жастардың талапқа сай құжаттарын, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі межелі ұпайлары негізінде 167 түлектің 151-іне грант тағайындады. Қалған 14 түлектің құжаттары талапқа сай болмағандықтан түлектер грант иегері атана алмады.
Айта кетейік, 390 гранттың педагогикалық ғылымдар саласына - 151, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 86, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласына – 7, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 7, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 89, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына – 50 грант бөлінген.