Қызылордада найзағайға байланысты дабыл қағылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 15 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.