Қармақшы ауданының әкімі мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жосалы кентінің орталығында орналасқан О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі 1992 жылы пайдалануға берілген.
Білім ордасына жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» атты жоба аясында жүргізіліп келеді. Мектепте жылу, кәріз, су жүйелері, терезе, есік ауыстыру, электр жүйесі, ішкі қабырғалар және еден ауыстыру, сыртқы фасад жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта демонтаж, сантехника жұмыстары аяқталып, терезелері ауыстырылды. Ішкі қабырғаларын сылау және едендерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айынының соңына дейін оқу ордасының 2 блогы оқушыларды қабылдауға дайын болады деп күтілуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін мерзім қазан айы деп жоспарланған.