Қызылордада вайндар байқауы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай әскери борышты өтеуді насихаттауға бағытталған вайндар байқауы өтті.
Байқау "Кәусар" мамандар орталығы" қоғамдық бірлестігімен және "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқауға облыс бойынша алты адам қатысып, 9 вайн ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша Ерлан Бекқазы, Сабыржан Қасым Нұрасыл Бекматовқа арнайы алғыс хаттар табысталды.
"Үздік әртістік шеберлік" номинациясымен Байқоңыр қаласының "Бір үйдің балалары" вайнерлер тобы, "Үздік идея" номинациясымен Жалағаш ауданының жастары, Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрперзент Болат "Үздік вайн" номинациясымен марапатталды.