Қызылордада мемлекеттік кірістер органының 5 жылдығы аталып өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов департамент ұжымына және сала ардагерлеріне жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың құттықтауын жеткізді.
Салтанатты жиында мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары облыс әкімінің «Алғыс хатымен», «Мемлекеттік кірістер органының үздігі» төсбелгісімен, Қаржы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, мемлекеттік кірістер органы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дайрабай Ысқақов, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов құттықтау лебіздерін жеткізді. Ардагерлер мен сала мамандарына мемлекеттік кірістер комитетінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», «Nur Otan» партиясының «Алғыс хаты», департаменттің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты» табыс етілді. Департаменттің сан-салалы қызметін қоғамға танымал етіп жариялауға үлес қосып жүрген бірқатар журналистерге де құттықтаулар табыс етілді.
Шара соңы Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.