Сот шешімімен 156 шетелдік республика аумағынан шығарылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 7 айында ОПД-нің Көші-қон қызметі бөліністерімен облыс аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау, азаматтық және есепке алу, құжаттандыру бағытындағы жұмыстарды орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қызылорда ОПД баспасөз қызметінің хабарлауынша әкімшілік кодекстің 517 бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 2650 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 236 ҚР-ның азаматына.
ҚР ӘҚБтК-нің 519 баптарымен (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) 84 (2018 жылы -83) Қазақстан Республикасының азаматтарына әкімшілік шара көрілді.
Әкімшілік жолмен республика аумағынан 156 шетелдік шығарылды.