Қызылордада заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі заты алынды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 1 маусым – 30 қазан аралығында облыс көлемінде «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Полиция департаментінің дерегінше аталған іс-шараның 2 айының қорытындысымен облыс аумағында есірткі қылмысына қарсы арнайы күштерімен жүргізілген жедел қызметтік жұмыстардың нәтижесінде 200 ден астам есірткі құқықбұзушылықтары анықталған. Оның ішінде 16 дерегі есірткі затын сату, 10 дерегі есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 42-сі есірткіні заңсыз егу дерегі.
Заңсыз айналымнан 500 кг. астам есірткі заты алынды.
Облыс аумағын ғарыштан спектрлік бақылау мүмкіндіктері сонымен қатар, тікұшақ және ұшқышсыз басқарылатын әуе техникалары қолданылуда.