Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,6 млрд. теңге аударды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шілде айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 276,3 млн. теңгеге жетті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,4 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 175,2 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.