Сырдариялық кәсіпкер қой шаруашылығын дамытуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сырдарияда өзі ісін бастағандар қатары артып келеді. Ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы щеңберінде стартап жаңа бизнес идеяларды іске асырған 36 адамға 9,4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.
Мемлекет қолдауына ие болғандар қатарында жас кәсіпкер Әділет Құдайбергенұлы да бар. Ол 2018 жылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Қой шаруашылығы» жобасына 1,2 млн теңге несие алып, кәсібін жүргізуде.
«Менің өз ісімді бастауыма «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы көп көмегін берді. Ата кәсіппен айналысуды бұрыннан іске асыруды ойлап келдім. Енді міне, өз шаруашылығымды жүргізіп, еңбек етудемін», - дейді кәсіпкер.
Әділет Құдайбергенұлы бүгінде мал басын көбейтуді жүйелі жолға қойған. Шаруашылығында 40-қа жуық қой асырауда. Кәсіпкер ата-кәсіппен қатар бау-бақша ісінде өнімді еңбек етуде.