Алдағы күндерге ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқындап, жауын жауады деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің хабарлауынша, 13-15 тамыз аралығында жаңбыр мен температураның төмендеуі күтілуде.
Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі.
"Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген мекеме таратқан хабарламада.