Сырдарияда «Жомарт жүрек–2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып келе жатқан "Жомарт жүрек" байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Марапаттау шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Ахетов қатысып, «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарына дипломдар табыстады.
«Туған жердің дамуына үлес қосу, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру – жомарттықтың белгісі және мұндай игі іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық.
Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азаматтары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандардың үнемі жанынан табылып жүретіні ақиқат. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған, ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы төмен отбасыларын, жетім-жесірді, талантты балаларды қолдап келеді»- деген Ерлан Ахетов Сырдария ауданының берекелі іске бейім екенін атап өтті.
Сонымен бірге, «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинацияларымен бірқатар азаматтар мен ұйымдарды дипломдармен марапаттап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды.