Халықаралық әскери журналист Назгүл Кенжетай сыр журналистерімен жүздесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, халықаралық әскери журналист Назгүл Кенжетай сыр бойылық әріптестерімен кездесті. Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырған шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов қатысып, халықаралық журналистің «Отансыздықтың жүзі» жобасын жоғары бағалады.
«Автордың еңбегі халықтың радикалды діни ағымдардан адасуынан сақтайды. Ел тыныштығының қадірін ұқтырады», - дейді басқарма басшысы.
«Діни экстремизм мен терроризм тақырыбын зерттейтін журналист осы салаға терең бойлау керек. Бұл тақырыпқа келгенде өзге мәселелерге көңіл аударуға жол бермеуге тырысқан жөн. Өйткені діни экстремизм мен терроризм бардым-жүрдім қарайтын тақырып емес», - деді жиында Назгүл Кенжетай.
Кездесу барысында аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мейманға сауалдарын жолдап, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жайлы пікір алмасты.