Министрлік өкілі департамент қызметкерлерімен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі Сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев облыстық әділет департаментіне жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс барысында Дархан Игембаев департамент қызметкерлерімен кездесіп, сот актілерін орындау саласымен танысты. Сондай-ақ, сот орындаушыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кетейік, Қызылорда облысындағы мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында осы жылдың 6 айында 1 720 атқару құжаты тіркелген. Есепті кезеңде 844 атқару құжаты аяқталып, жалпы аяқталғандардың пайызы 49 процентті құрап отыр. Оның ішінде 524 атқару құжаты нақты орындалып пайызға шаққанда 29% болды.
Ал, 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығы қортындысымен қалдықта барлығы 876 атқару құжаттары орындауда қалып, оның ішінде, алимент өндіру санатында 664 атқару құжаты бар.