Байқоңырда ақпараттық-ресурстық орталық ашылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының тапсырысына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде ҮЕҰ-ды дамытудың ақпараттық-ресурстық орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі мақсаты ҮЕҰ-дың дамуы мен олардың қоғамдағы өзіндік мәртебиесін көтеруге ықпал жасау. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында түрлі семинарлар мен мәдени-көпшілік шаралар, қайырымдылық акцияларын өткізу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
Орталықтың ашылуында Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Табынбай Әлмаханов орталық қызметіне сәттілік тілеп, лебізін білдірді.
Орталықтың мекен-жайы: Байқоңыр қаласы, Абай көшесі 16 үй «Қаз-Ғарыш Сапары» ғимараты 4 қабат 435 кабинет.