Қытайға жойқын тайфун жақындап келеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметі "Лекима" супертайфунының жақындауына байланысты "қызыл" - дабылдың ең жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жұма күні таңертең тайфун Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған. Циклонның эпицентріне жақын желдің ең жоғары екпіні 17 баллға жетті (секундына 60 метр).
Синоптиктердің болжамынша, "Лекима" сағатына 20 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып, сенбіде таңертең Чжэцзян провинциясының жағалауына ең жоғары жел күші 14-16 балл жетеді. Осыдан кейін ол бірте-бірте әлсіреп, солтүстікке қарай жылжиды.
Синоптиктер Қытайдың оңтүстік-шығыс аудандарында жұма мен сенбі күндері дауыл соғып, жаңбыр жауады деп болжап отыр. Синоптиктер барлық кемелерге теңізден қайтып оралуға, порт құрылыстарын нығайтуға, ал тұрғындарға қауіпсіз жерлерде қалуға ұсыныс берді.