«ҚАЗАҚМЫС» ӘСЕМ ШАЯХМЕТОВАҒА АЙ САЙЫН 750 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕЙДІ
«Қазақмыс» корпорациясы АН-2 ұшағында қаза болған және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды копорацияның баспасөз қызметінен.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің 3 жақты: жұмыс беруші, жұмыскерлер және кәсіподақ ұйымының біріккен ұжымдық шартында көрсетілгендей, жұмыс кезінде қаза тапқан жұмыскерлердің отбасына, асыраушысынан айырылған жағдайда орташа жалақының 10 жылдық үстемақысы бірден төленеді. Сонымен қатар, қайтыс болғандардың кәмелетке толмаған балаларына кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын тұрақты жәрдемақы тағайындалады.
Әсем Шаяхметоваға емі аяқталып, жазылғаннан кейін, емнің жалпы сомасы анықталған соң төлемақы төленеді. Компания барлық емдеуге кеткен шығынды өз мойнына алады. Сонымен қатар Асем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады. Компания бірінші күннен бастап Әсем Шаяхметованың ата-анасының Астана қаласында тұруын қамтамасыз етуде. Әсемнің емі біткенге дейінгі жалға алған ата-анасының пәтерақысын компания төлейтіндігі туралы шешім қабылданған.
Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу және ұйымдастыру шығынын да компания өз мойнына алған болатын», - деп жазылған хабарламада.