Арыста жарылыс болды: тұрғындардың бірі зардап шеккен
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыстағы жаңа төтенше оқиға – қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға салдарынан жергілікті тұрғын зардап шеккен – ол аяғынан жеңіл-желпі жарақат алды.
Жарылыс бейсенбі күні сағат 18.15-те болған.
"Үй ауласында қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетіп, салдарынан үй иесі жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында барлық жауапты орган жұмыс істеп жатыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жәбірленуші үйіне қайтты", - деп жазды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде.