«Тұрмыс»: Қызылордада бір күнде 144 құқық бұзушылық анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 7-13 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шара отбасында орын алатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу бағытында жүргізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде отбасы-тұрмыстық қарым қатынастар саласында қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Іс-шараның алғашқы күнінде 46 тұлға профилактикалық есепке алынып, оның ішінде 26 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды. Сонымен қатар, бір күнде 144 әкімшілік құқық бұзушылық деректер анықталған.
Іс-шара аясында есепте тұрған 148 тұлға тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді.