Қармақшылық жастар бас қосты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшыда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен аудан жастар арасында «Біз бейбітшілік ұрпағымыз» тақырыбында спорттық іс-шаралар және «Мемлекет және азаматтық белсенділік» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы қызметкерлерімен кездесу өтті.
«Студенттік жастардың енбек жасақтары облыстық штабы» ұйымдастырған шара барысында жастар спорттың 4 түрінен сынға түсті. Бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосып жүрген аудан жастары қырағылығымен көзге түсті. Ойын нәтижесінде «Студенттік жастардың енбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен аудан жастары «Мемлекет және азаматтық белсенділік» тақырыбында пікірлесті.
Басқосуда белсенділік танытып, спорттық жарыста жеңімпаз атанған азаматтар арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.