Бурабай мен Балқашта демалу қанша тұрады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сенбі-жексенбіде шетелге шықпай-ақ, Қазақстанның қандай көрікті орындарын аралауға болады? Бұл сауалға «Хабар 24» телеарнасы жауап береді.
Әзірге қалтаға салмақ салар орын – Бурабай курорты. Мұндағы 2 орындық қонақүй бөлмесіне 94 мың теңге кетеді. Есесіне демалушылар үш мәрте тамақпен қамтылады. Қымбат десеңіз, екі рет тамақтандыратын үш орындық бөлмелерге 33 мың теңге төлеп орналасуыңызға болады. Үнемшілдер үшін жазғы шағын үйлер бар. Оған бар болғаны 20 мың теңге шығындайсыз. Тізімді Каспий теңізі жалғайды. Таңғы ас беретін бизнес-люкске 90 мың теңге кетеді. Екі тәулікке 32 мың төлеп тұруға болатын қонақүйлер де бар. Тамақпен қамтымайтын 2 орындық бөлмелерге 14 мың теңге шығындауға болады. Ақтауға баратын үнемшілдер үшін хостелде тұруға болады. 1500 теңгеңізді қамдай барсаңыз болғаны.
Балқашқа бара қалсаңыз...
Біз біраз аумақтарды сараладық. Мысалы, Балқаштың суына түсіп, тынығуды қалайтындар қарапайым екі орындық қонақ бөлмесіне 24 мың теңге төлеп қона алады. Таңғы ас пен түскі ас осы ақшаға кіреді. Адам басына 3500 теңгеден келетін бөлмелер де бар. Алакөлдегі баға демалыс маусымына қарай белгіленген. Шілдеде қымбат десеңіз, қазір арзандау. Мамандардың пікірінше, демалыс аумағынан бөлме алу тиімдірек. Орындарға қарай бір адам тәулігіне 5-14 мың теңге аралығында ақша шығарады. Бірақ азығын өзі сатып алады. Жайлылық та қаржы талап етеді. Мұндағы қымбат демалыс орындары үшін екі адам 30 мың теңге жұмсауы мүмкін. Көрікті орындар көп. Тек барып көру керек.