Қазақстанда заңгерлерге сұраныс жоқ
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Еңбек сарапшылары елімізде аз сұранысқа ие мамандықтарды атады. Соның ішінде заңгерлерге сұраныс жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, төмен сұранысқа ие мамандықтар бестігіне, әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер техниктері (1,5 мың) және кеңсе қызметшілері (шамамен 1,5 мың) кірді.
Жоғары сұранысқа экономистер, шаштараздар, қаржыгерлер, тігіншілер мен техник-технологтар кірді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер тарапынан төмендегі мамандықтары бар жұмыс іздеушілердің түйіндемесі аз сұранысқа ие болды: сатушы-консультант, дене шынықтыру және спорт мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (орта мектеп), маникюр шебері, бухгалтер, кондитер, жылу қазандығы операторы, бастауыш сынып мұғалімі, бухгалтерлік қызметші, эколог, заңгер-кеңесші, инженер-экономист, техник-механик, педагог (бастауыш мектеп), визажист.