Сұйық аспирин қатерлі ісікпен күресуге жол ашты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сұйық аспирин тышқандардың миындағы обыр ауруын жеңуге көмектесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша қатерлі ісіктің ең ауыр түрлерін емдейтін дәріні табуға жол ашылды. Мұндай нәтижеге Портсмут университетінің ғалымдары қол жеткізді. Зертханалық тәжірибе барысында жаңа дәрі кеміргіштердің қатерлі ісігін емдеген. Бірақ ғалымдар обырмен тиімді күресетін дәрілердің қоспасын табу үшін әлі де көп тәжірибе жүргізу қажеттігін айтады.