Есірткі еккен қызылордалық азамат ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Көкнәр – 2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі затына ұқсас өсімдікті аса ірі мөлшерде өсірген 45 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен қарап-тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1507 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп, жалпы салмағы 252 келі сора анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.