Санавиация: Ауыр халдегі сәби Қызылордадан Алматы қаласына жеткізілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Санавиация өкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік сәбиді шұғыл түрде Қызылордадан Алматы қаласына жеткізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, 1987 жылғы азамат өздігінен дем ала алмайтын бес күндік баласымен шұғыл тәртіпте ҚР санитариялық авиация желісі бойынша Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді.
«2019 жылғы 27 шілдеде нәресте туа біткен жүрек кемістігімен ауыр жағдайда дүниеге келді. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жағдайын тұрақтандырғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция жүргізу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына санитарлық авиацияның күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыр жағдайына және медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдайлардың болмауына байланысты туындады», делінген хабарламада.
Жаңа туған нәрестелерді авиатасымалдау пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандыруды қамтамасыз ету, бүкіл ұшу уақыты ішінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу және қажеттілік туындаған жағдайда кезек күттірмейтін іс-шараларды көрсету үшін маңызды. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылатынын ескеру қажет.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6 айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медицина мамандары 1285 ұшуды орындап, 1739 медициналық қызмет және 1550 пациентке көмек көрсеткен.
Орталық мамандары көбіне қанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым жағдайлар, уланулар және жарақаттар алу кезінде, жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда жасындағы патологиялар кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 6 айда патологиялық аурулары бар нәрестелер жалпы пациенттер санының 11,7% құрады.