Еңбек министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланған.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылып отыр.
Бұл құжатта әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылы болуы туралы ақпарат көрсетілген.
Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.