Жаңақорғанда арыстық балалар алаңсыз демалуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» тынығу лагерінде барлығы 320 балаға арналған 4 корпус бар. Әрқайсысына 80 баладан жайғасқан. Балалардың тәрбиесін бақылау мақсатында 1 аға тәлімгер, 8 тәрбиеші бар.

«Біз 150 бала болып, жетекшімізбен бірге Арыстан келдік. Лагерьге келе салып, бассейнге шомылып, футбол ойнап, жаңа достар тауып жатырмыз. Барлығымен тез тіл табысып, уақытты тиімді өткізудеміз. Сосын Жаңақорғанның табиғаты Арысқа ұқсайды екен. Салқын ауа, жасыл желек, таулы мекен. Адамдары да жайдарлы мінезді, бауырмал. Бізге осындай жолдама беріп, тынығуымыз үшін жағдай жасаған сіздей басшыға шын жүректен алғыс айтамыз», – деді арыстық Аянат Жарылқасын.