Ипотеканың бастапқы жарнасын зейнетақы жинақтарынан төлеуге болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қырғызстандықтар ипотеканың бастапқы жарнасын зейнетақы жинақтарынан төлей алады, деп хабарлайды Informburo.
Осындай басым құқық беретін Әлеуметтік (зейнетақы) қорының қаулысы қазір қоғамдық талқылауда. Ипотека бойынша төленетін бастапқы жарнаның көлемін өтініш берушінің өзі анықтайды. Алайда, ол салымшының зейнетақы жинағындағы сомадан аспауы, шамамен 50 мың сома (275 мың теңге) болуы тиіс.
Пәтер сатып алатын кезде жинақтағы соманы алу үшін мемлекеттік ипотекалық бағдарламаға қатысуы, сондай-ақ өтініш иесінің басында баспанасы болмауы шарт.