Қызылордада ертең шаңды дауыл соғады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ауа райына байланысты Қызылорда облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, 7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, оңтүстік аудандарда 41°С қатты ыстық сақталады.