Қармақшы сотында гендерлік теңдік мәселесі талқыланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшыда «Гендерлік теңдік» тақырыбында семинар сабағы өткізілді, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Л.Алибекова және сот қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында аудандық соттың бас маман С.Жалғасбаева казіргі кезеңдегі гендірлік теңдіктін маңыздылығын айтып, өмірдің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің теңескендігін атап өтті.
Ол өз сөзінде әйелдердің мәртебесін халықаралық құқықтық реттеудің негізгі принциптерін белгілеп, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияда көрсетілген әйелдердің ерлермен тең құқығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жағдайлар қарастырылғаны туралы және Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдірілген гендірлік саясаттың негізгі принциптерін әңгімелеп берді.
Шараның соңында қатысушылармен әйелдердің қоғамдағы рөлі және маңыздылығы, қоғамдық-саясат құрылымдарына қатысуы, Қазақстан Республикасы дамуы кезінде гендерлік теңділігінің түйінді мәселелері талқыланды.