ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР АРДАГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ
Қызылордада «Жастарды қолдау орталығының» бастамасымен «Жеңіс үшін рахмет!» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жас белсенділер соғыс ардагерлерінің үйіне барып, үй шаруасына көмектесуде, қарияларға естелік сыйлықтар тарту етеді.
Соңғы рет акция аясында жастар Әбдірахман Байтиков, Асанбай Әбдірахманұлы, Зікірия Панабеков, Оразалы Төлебаев, Смағұл Алтыбасов сынды майдангерлердің үйінде болып қайтты. Хал-жағдайын сұрап келген жастарға қариялар да дән риза болып қалды.
«Өскелең ұрпақтың тарихты білгені, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге барша елмен бірге дайындалып жатқаны, қан майданды көзбен көріп, бастан кешкен біздерге көңіл бөліп, ықыласқа бөлеп жатқаны қуантады», - дейді Әбдірахман Байтиков.