Медиация күні аясында ашық есік күні өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Бітім» медиация орталығымен бірлесіп ашық есік күнін ұйымдастырды. Мақсаты - медиация тәсілі арқылы дауларды шешуді түсіндіру.
Шарада облыстық соттың және қала әкімдігі аппаратының жауапты қызметкерлері пікірлерін білдірді. Кәсіби және қоғамдық медиаторлар отбасы-неке дауы, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер, меншіктік, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау және өзге де даулы мәселелер бойынша кеңес берді.
Айта кетейік, аталған акция облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында және облысқа қарасты аудан орталықтарында да өтті.