Қызылордада жел тұрып, күн ыстық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40°С қатты ыстық болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.